jasqazaq.kz

Бір үйір жылқыны айдап бара жатқан барымташы ұсталды

12 қазан 2020, 9:01

Қарағанды облысында ұрланған бір үйір жылқыны айдап бара жатқан ер адам даладан ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

7 қазан күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» және «Мал ұрлау» жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Түнде сағат 22.00-де олар даладан бір үйір жылқыны (30 жылқы) байқаған. Күдіктенген полиция үйірді айдаған жылқышыны ұстады. «Бастапқыда жылқышы бұл өзінің жылқысы екенін айтқан. Бірақ полиция барлық жергілікті малшыларды жақсы білетін болғандықтан, оның айласы іске аспады. Ұсталған азамат 58 жастағы Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Ол бұрын ішкі істер органдарында есепте тұрған», – деп атап өтті қарағанды облысы ПД басшысы Ерлан Файзуллин.

Анықталғандай, осыдан 40 минут бұрын ер адам шопан қыстағының жанында жайылып жүрген 30 жылқыны ұрлап кеткен. Жәбірленуші – 47 жастағы ауыл тұрғыны. ҚР ҚК 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша қылмыстық іс қозғалды . Тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде