jasqazaq.kz

Бір үйдің 6 адамы коронавирус жұқтырған

22 сәуiр 2020, 16:06

#үйдеотыр

Бүгін Алматы облысында 7 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады..

Олардың алтауы — 63, 40, 33, 19 жастағы төрт ересек және 7, 4 жастағы екі бала Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғындары.

Олардың бәрі де — бұған дейін ауырған 1939 жылы туған азаматпен бір үйде тұрғандар. Бұл 6 адам Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың тағы біреуі Іле ауданында тіркелді. Талғар ауданының 1994 жылы туған тұрғыны диагнозы анықталғаннан кейін Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Ол бұған дейін ауырған пациентпен байланыста болған. Жұмыс барысында 25 адаммен қарым-қатынас жасаған.

Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында. Жалпы 22 сәуір күнгі сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 62-ге жетті, 9 адам жазылып шықты.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі