jasqazaq.kz

Бір үйден 8 адам коронавирус жұқтырды

31 наурыз 2020, 18:38

#үйдеотыр

Қызылордада коронавирус жұқтырған 8 кісінің бір үйдің адамдары екені анықталып отыр. Бұл туралы «Хабар 24» арнасында тікелей эфирден сөйлеген Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлім етті.

«Қазіргі таңда Қызылорда облысында коронавирус инфекциясының 18 жағдайы тіркелді. Бүгінгі күні қосымша тіркелген фактілер Жаңақорған ауданынан болып отыр. Барлығы да — алдында тіркелген науқаспен қарым-қатынаста болып, оқшауланып, карантинде болған азаматтар. Осы азаматтардан сынама алынған еді», — деді ол. Басқарма басшысының айтуынша, коронавирус жұқтырған 8 азамат – бір отбасының мүшелері. «Олар — 6-45 жас аралығындағы адамдар. Соның ішінде үшеуі — 14 жасқа дейінгі балалар», — деді ол.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия