jasqazaq.kz

Бір үйде 5 бала жанып кетті

04 ақпан 2019, 13:13

Астанада жеке үйлердің бірінде болған жойқын өрт салдарынан 5 бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні болыпты. Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан «времянкада» түнгі үште өрт шыққан. Көп ұзамай уақытша салынған баспананың шатыры қирапты. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 03.24 кезінде жеткен, өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған.

Олардың ата-анасы төтенше оқиға кезінде жұмыста болыпты.

Өрт аумағы – 30 шаршы метр, жалынды сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 көлік қатысқан, бұдан бөлек төтенше жағдайлар комитетінің орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағынан төрт адам мен бір көлік жұмылдырылған.

 sputniknews.kz

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық