jasqazaq.kz

Бір түнде бірнеше көлік ұрлап, жедел жәрдем көлігін айдап кеткен (Видео)

01 тамыз 2022, 11:04

Алматы облысында 28 жастағы ер адам бір түнде үш көлікті бірінен соң бірін айдап әкеткен. Олардың бірі жедел-жәрдем қызметінің машинасы. Бұл туралы jasqazaq.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде полицейлердің жедел жәрдем көлігін ұстаған видео тарады. Алматы полициясына, алдымен, 31 шілде күні кешкі сағат 21.45-те Құлжа тасжолының бойындағы тұрғын үй кешенінің аумағынан «BMW» көлігі ұрланғаны туралы хабарлама түскен.

Тұрғын үй кешенінен шыға бергенде көлік ұрлаушы «Ауди» көлігімен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай Есік қаласында қарсы жолаққа шығып кетіп, «Toyota» көлігімен соқтығысқан. Ол жерде көлікті тастап, жаяу бой тасалауға тырысқан. Көп ұзамай күдікті бір бойжеткенің «Nissan» көлігін тартып алып қашпақ болғанда, аударылып қалды. Оқиғаға куә болғандар жедел жәрдем шақырған кезде ер адам медициналық бригада көлігін де ұрлап кеткен.

«Облыстық жедел жәрдем қызметіне тиесілі «Jac Sunray» көлігімен ол қалаға қайта келгенде патрульдік полиция экипажы қолға түсірді. Күдікті – 1994 жылы туған ер адам, медициналық куәландыру барысында есірткі тұтынғаны анықталды», — деп хабарлады полициядан.

Медеу аудандық полиция басқармасында, сондай-ақ Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесінде бөтен көліктерді заңсыз басып алу деректері бойынша үш қылмыстық іс тіркелді. Сонымен қатар үш жол көлік оқиғасы бойынша ресми іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

Бүгін, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
Бүгін, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
Бүгін, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
Бүгін, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
Бүгін, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі
20 мамыр, 21:15
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
20 мамыр, 15:12
Алматыда жылу желісін жасанды интеллект бақылайды
20 мамыр, 14:05
Туркестанская область усиливает инвестиционную привлекательность
20 мамыр, 13:59
Туркестан: Теплицы обеспечивают 45% потребности страны в межсезонный период