jasqazaq.kz

Бір топ жылқыны пойыз басып кеткен (видео)

18 ақпан 2020, 14:18

Ақмола облысында бір үйір жылқы жолаушылар пойызының астында қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Петропавл-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі «Аршалы-Анар» аралығында жайылып жүрген 11 бас жылқыны қағып өткен. Оқиға түнде болыпты. Қазір аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, жылқылардың иесін анықтау бойынша іздестіру іс-шараларын жүрізілуде.

Көлік полициясы қараусыз қалған малдардың пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін тағы да ескертеді. Азаматтар үй жануарларын жаю ережелерін мүлтіксіз сақтауы және темір жол маңында олардың жүруіне жол бермеулері тиіс дейді жол сақшылары.

Полиция мәліметіне сәйкес, Ағымдағы жылдың басынан бері пойыздарды шұғыл тежеудің 214 фактісі тіркелген, олардың 130-дан астамы темір жол үстіне малдардың шығып кетуімен байланысты болған.

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері барлық фактілер бойынша мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін оларды анықтау шараларын қолдануда.

https://youtu.be/4_oGGv_LmZs

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия