jasqazaq.kz

Бір топ жігіт екі полицейді дүкен ішінде сабады

26 желтоқсан 2017, 14:24

Атыраудың Құрманғазы ауданының сотында полицейді соққыға жыққан үш ер адам сотталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметінше, қазанда үш айыпталушының Ганюшкино ауылындағы «Адия-2» дүкеніне кіріп, Құрманғазы аудандық ІІБ-нің екі қызметкеріне себепсіз соқтыққан. Ішіп алған ер адамдар полицейлерге былапыт сөз айтқан. Осының салдарынан жанжал туған. Нәтижесінде айыпталушылар екі полицейді сыраның бос шөлмегімен ұрған. Тергеу барысында күдіктілер мен прокурор арасында кінәні мойындау туралы келісім жасалды. Сот айыпталушыларды кінәлі деп тапты. Сот үкімі бойынша олар 2 жылға бас бостандығынан шектелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде