jasqazaq.kz

Бір топ адам жиналып ауылдасының үйіне тас атқан

22 шiлде 2020, 16:27

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Кентау қаласының тұрғыны мен оның туыстарына қарсы бір топ ер адам жасаған бұзақылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Төрт күдікті ұсталды. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Жасалған қылмыс туралы хабарлама Кентау қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 21 шілде күні түнгі сағат шамасында келіп түскен. Шағымданушының айтуынша, оны және туыстарын ауылдастары ұрып кеткен.

«Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, көшеде ер адам мен ауыл тұрғынының арасында сөзге келіспеушілік болған. Біраз уақыттан кейін жәбірленушінің үйіне белгісіз адамдар көліктерімен келіп, оның үйіне және көршілерінің аулаларына тас лақтыра бастаған, содан кейін кетіп қалған», — деп хабарлады Түркістан облысының полиция бөлімінде.

Бір топ ер адамның бұзақылығының нәтижесінде жәбірленушінің үш туысы түрлі жарақаттар алды. Оларға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Кейін жедел қызметкерлер төрт күдіктіні ұстады. Егер олардың кінәсі дәлелденсе, ҚР ҚК-нің «бұзақылық» бабы бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық