jasqazaq.kz

Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 406 адам тіркелді

26 ақпан 2020, 10:20

Қытайда бір тәулікте 406 жаңа корнавирус жұқтыру оқиғасы тіркеліп, осы инфекциядан 52 науқас қайтыс болды.Бұл туралы Синхуа агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚХР Денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитеті сәрсенбі күні 406 жаңа корнавирус жұқтырған адамды анықтады, ал сейсенбі күні 52 адам осы инфекциядан қайтыс болды. Өлімнің барлығы Хубэй провинциясында (Орталық Қытай) тіркелді, деп хабарлады мекемедегілер.

Сейсенбі күні тағы 439 адам індет жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркелген. Сол күні 2422 науқас сауығып, ауруханадан шығарылды, дерттің ауыр түрінің саны азайып жатыр.

Сейсенбінің соңындағы дерек бойынша, Қытайда (Сянган, Аомэнь және Тайваньды есепке алмағанда) коронавирус жұқтырған 78 064 адам тіркеліп, 2 715-сі осы аурудан өлді. Тағы 2491 адамда коронавирус инфекциясын жұқтырды деген күдік бар, деп толықтырды комитеттегілер.

Елде 29 745 адам дертінен айығып, ауруханадан шығарылды. Науқастармен тығыз байланыста болған 79 108 адам медицина қызметкерлерінің бақылауында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия