jasqazaq.kz

Бір тәулік бойы қар астында қалған екі адам құтқарылды (видео)

28 қантар 2020, 17:43

Қостанай қаласының құтқарушылары екі адамды құтқарды. Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

23 қаңтар күні «112» қызметіне Ақсай ауылынан 35 шақырым жерде далалық алқап аумағында қиындыққа тап болған екі адам жөнінде қоңырау келіп түскен. Жерді өңдеуге жаңа техникамен бірге адамдар жіберілген. «Ауа райының күрт нашарлауына байланысты оларды жедел эвакуациялау қажет болған. Байланыс болмағандықтан төтенше жағдайға ұшыраған адамдардың орналасқан жері мен жағдайы беймәлім болған. Ақтүтек бораннан жол көрінбейді, соған қарамастан іздеу-құтқару жұмыстарын «Нива Марш – Бронто» көлігі жүргізді. Құтқару операциясына Арқалық қаласының бөлімшелері, оның ішінде Қостанай қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Байділдин Ж., Жармағанбетов Е., бас құтқарушы Жанаев А. қатысты. Құтқарушылар бір тәуліктен кейін оларды жертөледен тауып алған» деп мәлім етті комитеттен. «Табылған азаматтардың жағдайы бірқалыпты. Зардап шеккендер Ақсай ауылына жеткізілді» делінген ТЖК хабарламасында.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді