jasqazaq.kz

Бір сыныпта 48 оқушы оқып жүр

16 қазан 2019, 11:24

Баламыз сауатсыз болатын түрі бар! Осылай деп Алматыдағы Алатау ауданының тұрғындары дабыл қағуда. Бірінші сыныпта 48 оқушыдан білім алатындықтан мұғалімнің не айтқанын ұқпай келеді деп ашынуда. Сондықтан сыныптарды екіге бөліп, үш ауысыммен оқытуды талап етуде. Ал аудандық білім бөліміндегілер жаңа мектеп салмай мәселені шешу мүмкін емес деп отыр. Бұл туралы Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап jasqazaq.kz сайты хабарлайды.

Оқушылары сыймай жатқан №201 мектеп-гимназия биыл ашылған. Алайда мұндағы білім сапасына ата-аналардың көңілдері толмайды. Мәселен бірінші сыныптардың әрқайсысында бала саны 48 балаға жеткен. Әр сыныпта парталар төрт қатардан орналасыпты. Адам саны шамадын тыс болғандықтан оқушылар мұғалімнің сөзін естімей, түсіндірген сабақты ұқпай келеді екен. Ал қосымшаға беруге көптеген ата-аналардың қалтасы көтермейді. Наразылық білдіргендер әр балаға жіті көңіл бөлуді талап етуде.

«Бұл мәселенің аяқ асты көтерілу себебі менің қызымның мектепке деген құлшынысы жоқ. Біріншіден, бала шаршап келемін деді. Әркез айқай-шу, балалар шулайды. Апайдың не айтып жатқанын естімеймін деді. Сол себепті осы мәселені талқыға алсақ болар еді. Шешімін тауып берсеңіздер”, — деді оқушының анасы Раушан Ақшиева.

Мектеп директорын орнынан таба алмадық. Аудандық білім бөлімінің басшысы 60 орынға арналған мектепте мыңнан астам баланың білім алып жатқанын жеткізді. Мәселені жаңа мектеп салмай шешу мүмкін емес, дейді. Ал ата-аналардың үш ауысымға ауыртыруы негізсіз көрінеді.

«Баланың өмір қауіпсіздігіне байланысты үш смен болатын болса, үшінші смен түнгі уақытта қайтады. Сондықтан бұл баланың өміріне өте қауіпті. Кеш уақытта бала үйінде болуы тиіс. Сондықтан үш сменге ауыстыра алмаймыз!”, — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Қарлығаш Ақмырзаева.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, 2021-22 жылдары 1200 орынға арналған мектеп салу көзделіпті. Сол кезде ғана мәселе шешімін табуы ықтимал. Оған дейін сығылысып оқи тұруларына тура келеді. Айта кетейік бұл мектеп-гимназия ашылмай жатып дауға ілікке болатын. Дәл жаңа оқу жылы басталуға бірнеше күн қалғанда ғана құжаттарды қабылдауды бастап, түнгі 12-ге дейін жүруге мәжбүр болған ата-аналар шу шығарған болатын.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда