jasqazaq.kz

Бір отбасының 7 адамы сотталды: тараздық жанұя жалған шот-фактура шығарумен айналысқан

09 маусым 2022, 11:33

Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспей қалған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді. Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғаны, олардың әрқайсы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды. Олардың шын мәнінде жұмысшылар штаты мен өндірістік базасы болмаған және контрагенттерге жалған шот-фактуралар беру арқылы салықтан жалтаруға көмектесу үшін құрылған», — деп мәлімдеді Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі

Сот ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сатып алған Орал қаласындағы кеңсесін және сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде тәркіленген 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдарының 10 миллиард теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды.

Сот үкімімен Көмековтер қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, отбасының анасы 7, ал отағасы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушылары түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін жазасын өтейді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді