jasqazaq.kz

Бір отбасын аяусыз өлтірген жігітке сот үкімі шықты

28 маусым 2018, 17:49

Шымкентте бүтіндей бір отбасын қырып салған күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сот ақпан айында болған қанды оқиғаға қатысты соңғы нүктені қойды.

Естеріңізде болса, ақпанның сегізі Шымкентте бір отбасының үш мүшесін өлтіріп кеткен еді.

Тергеу барысында анықталғандай, бұл қанды оқиғаға компьютер ойыны себеп болған. 21 жастағы тұрғын 26 жастағы азаматпен ойын ойнап, 250 мың теңге қарыз болып қалады. Қарызын қалай да болса алуды көздеген азамат өздігінше жоспар құрады да, берешек болып қалған жігіттің үйіне барады. Есікті оның жасөспірім інісі ашқан сәтте ауыр затпен ұрып өлтіреді. Кейін өзіне қарыз болған жігітті және оның 50 жастағы анасын да о дүниелік етеді. Үш бірдей адамды қырып салған ол үйден компьютер, екі ұялы телефон және 50 мың теңгені қолды етеді. Оқиға болған күннен екі күн өткен соң полицейлер оны Тараз қаласында ұстады.

Судья айыпталушы азаматқа ең ауыр жазаны тағайындады. Енді ол өмірінің соңына дейін түрмеде отырады.

 

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді