jasqazaq.kz

Бір отбасын асырап отырған 13 жастағы балаға үй сыйлады (видео)

08 ақпан 2019, 12:45

Шымкентте анасы мен төрт қарындасын жалғыз асырап жүрген 13 жасар Ағабек есімді балақайға қайырымды жандар үй алып берді. Сабақтан соң темір-терсек өткізіп, күніне 1500 теңге табатын жеткіншектің анасы жұмысқа жарамайды. Ал бұл отбасыны әкесі тастап кеткен. Ағабектің тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырмай, еріктілер екі күнде оның отбасына үй алып берген деп хабарлайды nur.kz.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿 Актуальные новости 🔞 (@videogram_kaz)

Шымкент тұрғыны тас жолдың бойынан үсті-басы балшық болған баланы көріп қалып, оның жағдайын білуге асыққан.

«Бірнеше күн бұрын Забадам жаққа кетіп бара жатыр едім, трассаның бойынан 12-13 жасар баланы көрдім. Оның үстінің бәрі лас болатын. Мен «құлап қалған шығар» немесе «такси ұстай алмай тұр» деп ойладым. Расымен жеткіншек көлік тоқтатып тұр екен. Ол шошқа шаруашылығы маңынан жинаған темір-терсегін өткізгісі келіпті. Сосын мен баламен еріп, темір қабылдайтын орынға бардым. Қолымыздағы затты 1500 теңгеге өткіздік. Балақай әлгі ақшаға азық-түлік алатынын айтты. Мен онымен еріп үйіне дейін бардым.
Ал ол аяқ киімін шешкенде, мен шошып кеттім. Себебі менің аяқ киім деп ойлағаным, жаздық тәпішке екен. Ал оның үстіне бірнеше қабат қара балшық жабысыпты. Ол осы тәпішкемен 7-8 сағат бойы жүрген. Үйде бізді төрт кішкентай қыз күтіп алды. Олардың жастары 6, 5, 4, 3 жаста. Кішкентайлардың барлығы жеңіл киініп алған. Тіпті аяқтарында шұлығы жоқ.
Анасының әңгімесінен түсінгенім, Ағабек (ред: балақайдың аты) түске дейін мектепте оқып, түстен кейін отбасын асырайды екен», — деп жазбасын аяқтады автор videogram_kaz парақшасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿 Актуальные новости 🔞 (@videogram_kaz)

Айта кетейік, ерікті азаматтың бұл видеосы жұртты бей-жай қалдырмаған. Осы жазбаны көрген көпшілік бір күнде 5 млн теңгеге жуық ақша жинаған.

Ал күні кеше videogram_kaz парақшасында Ағабектің отбасына деп 7 млн теңге жиналғаны, жеткіншектің отбасына жер үй сатып алынғаны хабарланды. Пәтер жалдап күнелткен отбасы бүгін жаңа үйге қоныс аудармақ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде