jasqazaq.kz

Бір млн доллар талап еткен құқық қорғау органдарының «қызметкерлері» ұсталды

07 маусым 2022, 14:08

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атын жамылған алаяқтық топ күзет фирмасының басшылығынан 1 миллион АҚШ долларын талап етті. Мұны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операция кезінде анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет арнайы операцияның нәтижесінде өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыра отырып күзет фирмасының басшылығынан олардың қаржылық қызметіндегі бұзушылықтар туралы әшкерелейтін материалдарды таратпағаны және жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион АҚШ долларын талап еткен алаяқтар тобын әшкереледі.

Ведомство алаяқтар тобы фирма өкілінен 600 мың АҚШ долларын алу сәтінде ұсталғанын мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі:

Соттың санкциясымен қылмысты ұйымдастырушыға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша кешенді тергеу әрекеттері жүріп жатыр. Топтың ұқсас қылмыстар жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайтынын» айтты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде