jasqazaq.kz

Бір литр бензинмен 200 шақырым жүретін көлік

15 ақпан 2018, 18:10

 

SatbayevUniversity инженерлері 1 литр бензинмен 200 шақырымнан астам жол жүретін бірегей жарыс машинасын құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті қабырғасында SURacingTeam студенттер командасының iSUPrototype 1.0. автомобилінің таныстырылымы өтті. Аталған прототиптің бірегейлігі сол, көлік экологиялық таза отын түрі — этанолмен жүреді. Бұл отын қант құрағын, жүгеріні немесе қызылшаны өңдеу арқылы алынады. Ал болидтің бірегей қозғалтқышы 1 литр бензинмен 200 шақырымнан астам қашықтықты еңсеруге мүмкіндік береді», — деп жазды SatbayevUniversity. Болидті (жарыс машинасы) SatbayevUniversity ерікті студенттері 3 айда құрастырған. Машинаның моторы Hondaaf55e қозғалтқышы негізінде жасалған. Алайда, әрбір бөлшегін өзгертіп, болидке қажет сипаттамаларға бейімдеуге тура келген. Қаңқасы арнайы дюралюминий құбырлардан, ал корпусы — шыны пластиктен жасалған. Жүргізуші орны алдындағы шыны поликарбонаттан жабылған. Аталған прототип қолданыстағы отын түрлерін дамыту, жаңа түрлерін табу мақсатындағы жыл сайынғы марафонға қатысу үшін құрастырылған. Онда 1 литр жанармаймен ұзағырақ қашықтыққа жүретін автомобиль жеңіске жетеді. Марафон 1939 жылдан бері Детройт, Лондон, Сингапур, Рио-де-Жанейро қалаларында өткізіліп келеді. Биыл бірінші турнир Сингапурде 8-11 наурыз күндері өтпек. «Біздің міндетіміз — Қазақстандағы автомобиль құрастыру ісін дамыту. Сондай-ақ, елімізде отынның экологиялық таза түрлеріне көбірек көңіл бөлінгенін қалаймыз. Біздің болид ғана емес, жазда өткен EXPO-2017 көрмесі де болашақта таза отын түрлеріне басымдық берілетінін көрсетті», — дейді SU Racing Team командасының капитаны Әлібек Саматұлы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде