jasqazaq.kz

Бір күнде жол ережесін 92 рет бұзған

27 сәуiр 2022, 13:00

30 жастағы алматылық азамат бір тәулік ішінде 92 рет жол ережесін бұзған. Оған салынатын айыппұл сомасы 1 млн 541 мың теңгені құрады.

26 сәуірде Алматы тұрғыны жалған нөмірмен жүріп, бірнеше рет жол ережесін бұзған. Полицейлер оны «Қорғау Сергек» интеллектуалды бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтады.

«Өткен тәулікте ғана «Қорғау Сергек» жүйесі қала жолдарында жалған нөмір пайдаланған 11 автокөлік жүргізушісін анықтады. Олар жалпы сомасы 12 млн теңгеден асатын 790 құқық бұзушылыққа жол берді. Құқық бұзушылыққа қатысы бар автокөліктер анықталып, арнайы айып тұрағына қамалды», – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің хабарламасында.

Жыл басынан бері жалған нөмір қолданғаны үшін 171 жүргізушіге айыппұл салынған.

Aikyn.kz

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр