jasqazaq.kz

Бір күнде 107 жол апаты: Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілерге ескерту жасады

24 қараша 2021, 18:01

Нұр-Сұлтан полицейлері қалың қар, көктайғақ пен кептеліске байланысты жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Өткен тәулікте елордада 107 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан алты адам зардап шекті. Тек бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап 78 жол-көлік оқиғасы болды», — деп жауап берді Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісі сауалына.

ДП мәліметінше, бүгін түнгі сағат 1 шамасында Hyundai H-1 автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі Бараев көшесімен Уәлиханов көшесіне қарай келе жатып, Nissan Maxima көлігімен соқтығысқан. Соққыдан көлік қоршауға соғылып, арыққа құлап, тағы бір Toyota Estima көлігін соққан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Hyundai автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі «Көлiк құралдары жүргізушілерінің адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

«Жүргізушілерден қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуды, жылдамдық режимін, қауіпсіз арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтауды сұраймыз. Жаяу жүргіншілерге де мұқият болу керек», — деді департаменттегілер қала тұрғындарына.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр