jasqazaq.kz

Бір күн бойы ата-анасы іздемеген бе?

19 қыркүйек 2019, 12:17

Алматы көшелерінің бірінде адасып қалған кішкентай баланы учаскелік инспектор тауып алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлады. Бес жасар ұл бала Шаляпин мен Берегового көшелерінің қиылысынан табылды. «Баланың үсті басы су. Әбден тонып қалған. Дірілдеп тұрды. Оның айтуынша, ол басқа балалармен бірге өз үйінің ауласында ойнаған, содан кейін олар театрдың алдындағы субұрқаққа барған. Ойнап жүріп бала суға құлап кеткен, ал достары қашып кетіпті. Бала өз бетінше үйін табуға тырысып, бірақ таба алмаған. Кешке дейін баланың ата-анасын іздедік, алайда оны іздеген адам болмады. Мен ең алдымен баланың киімін ауыстырып, ыстық шәй бердім. Қараңғы түскенен кейін, оны бір түнге кәмелетке толмағандарға арналған бейімделу орталығына жіберу туралы шешім қабылданды», — деді Әуезов аудандық ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Диляра Анарқұлова. Таңертең полиция басқармасына баланың анасы жоғалған ұлы туралы арызбен келді. «Полиция қызметкерлері ұлының аман-есен екенін айтқанда, ол қатты қуанып кетті»,- дейді Диляра Анарқұлова.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде