jasqazaq.kz

Бір қора қойды қасқыр қырып кетті (видео)

29 қантар 2020, 15:04

Түнде 206 бас ұсақ малынан айырылып, шаш етектен шығынға батқан шаруаның ит-құспен алысуға қауқары жоқ. Себебі, жабайы аңды атуға тиым бар. Оның үстіне, бөрілерді қорқытып аспанға оқ ататын аңшы қаруы да жоқ. Бұл туралы Астана телеарнасына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Атадан қалған мылтықты былтыр шенділер алып кетіпті.
Аш қасқырлар ашық қораға түнде түскен. Қасқыр құлатқан қойлардың басым бөлігі өлген, тірі қалғандары пышаққа түсті. Айта кетейік, шаруаға келген шығын көлемі шамамен 10 млн теңгеден асады.

Ақтөре Әбдебай, шаруа:

– Біттім дедім өзім, барына сеніп отырған малым, атымда басқа ештеңе жоқ. Айтып та жеткізу мүмкін емес бұл жағдайды. Қырды, тамақтайды. Пышақтайды. Болды. Ал соған мылтығымыз жоқ біздің. Мылтығымды былтыр алып қойған. 20 жылдық еңбек енді. 2000 жылы келгенбіз. 20 жылдық еңбек кетіп отыр. Бір жылда екі жылда пайда болған жоқ.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде