jasqazaq.kz

Бір ғасыр жасаған қария жүзуден рекорд орнатты

02 наурыз 2018, 23:47

99 жастағы қария 50 метрлік фристайлда өнер көрсетіп, өз жасындағы спортшылар арасында үздік көрсеткішке қол жеткізді Квинслендте өткен ресми шарада Джордж Коронес 100-104 жас аралығындағы категория бойынша жарысқа қатысып, 56,12 секундта жаңа бенчмарк орнатты. Яғни, бұл 2014 жылы орнатылған көрсеткіштен 35 секундқа ерте келгенін білдіреді.

Коронес мырза сәуір айында 100 жасқа келмек, ол өзінің бұл жетістігіне «өте риза екенін» және «әлем бойынша өзінің үздік» екендігін айтты. Қария журналистерге «Мəре сызығына жеткен кезде, бассейіннің қабырғасын қатты ұрып қуандым» деген. Брисбен қалашығында туып өскен Коронес мырза бала кезінде спортқа қатысқанын, алайда кәсіби түрде жүзумен тек 80 жастан бастап айналысқанын атап өтті. Ол аптасына 3 рет 1 шеңберден жүзеді екен. Айта кетерлігі, бұған дейінгі рекордты британ спортшысы Джон Харрисон орнатқан болатын. Ол 2014 жылы 1 минут 31 секундта мәре сызығына жеткен еді. Бір қызығы, 100 метрлік фристайлды да Джон Харрисон 03 минут 23 секундта жүзіп өтіп, әлемдік үздік рекордты орнатқан болатын. Енді Коронес мырза алдағы сенбі күні өнер көрсетіп, 100 метрде де үздік атанбақ ниетте. Ол өз сұхбатында жас жігіт емес екенін, алайда, осы жарысты асыға күтіп отырғанын айтты.

ktk.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық