jasqazaq.kz

Бір ғана сауда желісінде бес күнде 550 тонна қант сатылған

14 наурыз 2022, 17:23

Қазақстанда қант бағасына не әсер етті және оның бағасы қалай тұрақтанады? Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қантқа сұраныс көбейген сайын қант бағасы өсіп жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, бес күн ішінде «Магнум» сауда желісінде 540-550 тонна қант сатылған. Бұрын бес күнде орта есеппен 170 тонна қант сатылатын. Қант бағасы сол себепті өсті. Жергілікті органдар Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп бағаны себепсіз көтерген кәсіпкерлерді тексеріп, тиісті шаралар қолдана алады. Осы аталған шаралар қабылданған соң баға тұрақтауы мүмкін», — деді Е. Қазанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, сауда нүктелерінде бағаны көтеру фактілері анықталса, мынадай кері байланыс арналарына хабарласқан жөн: жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер), ҚР Сауда және интеграциялар министрлігі тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің «e-Tutynushy» сайты, ҚР СИМ сауда комитеті және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі. Қазақстанда шамамен 90 мың тонна қант қоры бар және республика қантпен толық қамтамасыз етілген.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр