
Астанада бір апта бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2002 жылы туған Болат Қожамжар өткен жұмада 8-ақпан күні хабар-ошарсыз жоғалып кеткен еді. Жігіттің компьютерлік ойындарға қызыққанын, ойын клубтарынан шықпайтынын достары білгенімен, ата-анасы бұдан хабарсыз болған. Жасөспірімнің әсіресе, “Еуразия” сауда орталығындағы компьютерлік клубқа жиі баратыны белгілі болды.
Әкесінің айтуынша, баласы жоғалатын күні басым ауырып тұр деп өзімен бірге мешітке барғысы келмеген екен. Дәл сол күні әкесі оған шаш қию үшін 2000 теңге ақша берген.
Ал содан кейін бала үйге де келмей, ата-анасына да хабарласпаған. Хабарламалар мен әлеуметтік желіден байланыса алмаған соң, ата-анасы полияция қызметіне жүгінген.
Баланы 15-ақпан күні кешкі сағат 18:00 шамасында табылды. Белгілі болғандай ,ол компьютерлік клубтың бірінде болған.
Осы уақыт аралығында қайда тұрды, не ішіп-жеді ол жағы әзірге белгісіз. Бірақ, жеткіншектің өзі осы уақытта қалай күн көргенін тіс жарып айтпай отыр.