jasqazaq.kz

Бір-ақ күнде тұл жетім болған балалар

13 ақпан 2018, 15:09

Шымкентте бір үйдің бес баласы бір-ақ күнде тұл жетім қалды. Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ. Әлеуметтік тұрмысы ауыр отбасыға әкімдік үш бөлмелі уақытша баспана берген болатын. Бірақ ауыр дертпен күресіп, ауруханада жатқана аналары бұл қуанышты көре алмай, көз жұмған.

Бес бала қазір әжелерімен тұрып жатыр.Бұл туралы аталған отбасыға көмектескен шымкенттік еріктілер Instagram әлеуметтік желісіне жазды.

Бес баланың әкесі жаңа жыл қарсаңында жол апатынан қайтыс болған. Әйелі лейкемия дертіне шалдыққан соң, ол қосымша ақша табу үшін Атырауға жұмысқа аттаныпты. 27 желтоқсан күні отбасына келе жатқан азамат жол апатынан оқиға орнында қаза тапқан.
Ал кеше 12-і ақпан күні отбасына тағы да қара бұлт төнді. Олардың аналары аурухана төсегінде, ауыр дерттен көз жұмды.
Айта кетейік, балалар әлі күнге дейін басқа да көмектерге мұқтаж екен. Оларға киім мен ас-ауқат қажет. Ал, әкімдік қызметкерлері болса бес балаға пәтер берілмейінше оларды жатақханадан шығармайтындарын айтты. Дегенмен, пәтер кезегінде балалардың анасы тұрған екен. Енді ол қайтыс болғаннан кейін кезек кімнің атына жазылатыны әлі белгісіз.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді