jasqazaq.kz

Бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел табылды

09 қазан 2018, 15:23

БҚО-да бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел шопандардың арасынан табылды. Оны Ақжайық АІІБ-нің учаскелік полицейі тапты.

Орал ІІБ басшысының орынбасары Нұрлан Бисеновтың айтуынша, 38 жастағы Иралия Камышева 13 қыркүйекте жоғалып кеткен және оның жоғалғаны туралы арыз сотқа дейінгі тергеу журналында тіркелген. Бұл туралы Мой город парталына сілтеме жасап stan.kz хабарлады.

«Әйелді тек қалалық ІІД-нің полицейлері ғана емес, сондай-ақ облыстық Ішкі істер департаментің қызметкерлері де іздестірді. 8 қазанда қабылданған шаралармен азамат Камышеваның Ақжайық ауданының аумағында жүргені анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Әйел үйінен өз еркімен кеткенін айтты. Бірақ, ол өзін іздестіргенін сол жерде полиция қызметкерлерінен естіді», – деді Нұрлан Бисенов.

Иралияның айтуынша, ол Ақжайық ауданындағы шалғай жатқан шопандықта болған және онда ол өз еркімен барған.

«Отбасымызда жұбайым екеуіміздің арамыздағы жағдай өте нашар. Ол мені ұзақ жылдар бойы ұрып-соғып, азаптап кетті. Яғни, оның құлдығында болдым. Ол мені жұмыс істеуге жібермеді. Қорықтым. Үйден қуып шыға ма деп, оның үстінен арыз жазған жоқпын. Ал мен балаларыммен ешкімнің босағасына бара алмаймын, барар жерім жоқ. Соңғы рет ол мені өлтіруге тырысты, бетімді пышақпен кесіп тастады. Содан балалар маған ақша берген соң үйден кетіп қалдым », – деді Иралия Камышева.

Иралияның сөзіне қарағанда, ол үйінен бірінші рет кетіп тұрған жоқ. Ол бұған дейін де үйден кетіп, бірақ әртүрлі себептер бойынша қайтып оралған.

«Осы жолы мен ауданға барып, жұмысқа орналастым. Ақша жинап, балаларымды өзіммен алып кетемін деп жоспарлағанмын. Өйткені бұл – менің балаларым, мен оларды ешқашан тастамас едім. Олардың мені іздегенін білмедім. Күйеуім мені өзі үйден қуып жіберген. Мені не үшін іздейді? – деді әйел.

Иралияның айтуынша, ол бірнеше рет үлкен қызына хабарласуға тырысқан. Дегенмен, белгісіз себептермен хабарласа алмапты.

Сонымен қатар, ол азаматтық некедегі жұбайының үстінен арыз жазуға ниетті екенін айтты. Полициейлер егер әйел арыз жазса, оның өтініші бойынша алдын ала тергеу жүргізілетін болады дейді.

Бірақ, Иралияның азаматтық некедегі Дмитрий әйелінің ішімдік ішіп, уақыт өте үйден ұзақ уақытқа кетіп қалатынын айтып, шағымданды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді