
Жамбыл облысындағы әскери базадан жоғалып кеткен сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.
19 жастағы жауынгер Ұлықбек Бердішевтің жоғалғаны туралы хабар 2 наурызда таралған еді. Оның мәйіті Қырғызстандағы таулардан табылды.
Сол маңдағы қойшы әскери киімдер тапқанын шекарашыларға хабарлаған. Киім ізімен барған туыстары жартастың ұшар басында ілініп тұрған Ұлықбектің денесін көрді”, – деп жазды журналист.
Енді сарбаздың өлімінің себептері арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.