jasqazaq.kz

Биологтар тәжірибемен бөлісуде

18 сәуiр 2020, 13:40

Карантин жағдайында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология кафедрасының оқытушылары қашықтықтан білім беру технологиялары мен стримингтік оқытуды белсенді қолдануда. Олар өз тәжірибесімен Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарындағы әріптестерімен бөлісуде.

Кафедра меңгерушісі Аида Қыстаубаеваның пікірінше, университеттегі IT инфрақұрылымы, «Univer» жүйесі, сондай-ақ «Moodle», «edX» МООС платформалары қашықтықтан оқытуға кедергісіз әрі жедел өтуге мүмкіндік берді. Оқытушылар қысқа уақыт ішінде дәрістер контентін, семинарлық және зертханалық сабақтарды қашықтықтан өтетін форматқа бейімдеп, өздерінің жоғары IT құзыреттілігін көрсете білді. Сабақ қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өтеді. Кесте өзгеріссіз қалды.

Оқу үдерісі «Zoom», «Microsoft teams», «Google meet» және т.б. сияқты әртүрлі платформалардың көмегімен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, биотехнология кафедрасының оқытушылары тек стриминг жүйесінде ғана емес, сонымен қатар чат сабақтары, білім беру ойындары, «Kahoot» қосымшасындағы диалогтық тренажерлер, анимациялық инфографиканы қолданатын интерактивті сабақтар өткізеді.

Бүгінгі күні бұқаралық ашық онлайн курстарға деген сұраныс артты. «Биотехнология негіздері» онлайн курстарынан 239 тыңдаушы оқудан өтті. А. Кистаубаева хабарлағанындай, жақын арада «edX» платформасына микробиология, биохимия және экологиялық биотехнология бойынша алдағы оқу жылына арналған бірқатар бейне сабақтарды жазу жоспарлануда. Осы бейне-сабақтарға арналған контентті оқытушылар әзірлеп жатыр. Қазіргі таңда биология және биотехнология факультетінде молекулалық биология, биофизика және зоология бойынша «Coursera» және «edX» платформаларына арналған дәрістер жазылуда

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия