jasqazaq.kz

Билл Гейтс: адамзатқа екі қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

08 ақпан 2021, 15:31

Мультимиллиардердің пікірінше, жыл сайын климаттың өзгеруінен қазіргі індеттен де көп адам қайтыс болады.
Microsoft негізін қалаушы, мультимиллиардер және филантроп Билл Гейтс коронавирус пандемиясынан кейін адамзатқа екі қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Біріншісі – климаттың өзгеруі, екіншісі – биотерроризм.
Бұл туралы ол Veritasium YouTube-каналына берген сұқбатында айтты.
«Олардың бірі – климаттың өзгеруі», — деді Гейтс әлем қандай қауіп-қатерлерге дайын емес деген сұраққа жауап беріп.
Оның пікірінше, жыл сайын климаттың өзгеруінен қазіргі індеттен де көп адам қайтыс болады.
Екінші қатер – биотерроризм, деп санайды мультимиллиардер.
«Әлдекімдер адамзатқа зиян келтіргісі келеді, вирус ойлап табуы мүмкін», — деді ол.
Бұған дейін Microsoft негізін қалаушы Süddeutsche Zeitung неміс басылымына берген сұқбатында әлем келесі пандемияға дайын емес екенін, өйткені ол COVID-19 індетінен он есе қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Екі жылдан кейін жағдай өзгереді деген үміттемін. Вакцина, тест, препараттар, эпидемиология, мониторинг – індетті тоқтату үшін біраз дүние жасауға болады», — деді мультимиллиардер.
Гейтстің пікірінше, коронавирус жер сілкінісі, торнадо немесе климаттың өзгеруі сияқты күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Ал мұндай қауіп-қатерге жаһандық тұрғыда жауап беру қажет.

Sputnik

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде