jasqazaq.kz

Білімнің бағасы қанша?

24 маусым 2019, 18:15

Жақында Freedom Finance Life компаниясы еліміздегі  жоғары білімнің қолжетімділігі туралы зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижесі бойынша,  2017 жылы 18-22 жас аралығындағы жастардың тек 54 пайызы  университеттерде оқиды. Жастардың басым бөлігі оқу ақысының қымбат болуымен келіспейді. Ал олардың 23,7 пайызы оқу ақысын қалыпты деп санайды.

2018 жылы  52 мың студент жоғары оқу орындарынан кеткен. Оның басты  себебі — оқу ақысын төлей алмау, оқу үлгерімінің нашарлығы және  денсаулықтың бұзылуы. Алайда ең көп анықталған  мәселе — қаржылық қиындық. Зерттеуге сәйкес, 13 мыңға жуық студент, немесе 25 пайыз, төлем мәселелеріне байланысты оқу орнынан шығып қалған.  Бұл көрсеткіш Жамбыл облысында 53,2 пайыз. Ақтөбе облысында  (37,6 пайыз), Қарағанды ​​облысында  (36,4 пайыз) құрап отыр.

Зерттеуге сәйкес, бүгінгі күні жоғары оқу орнындағы бакалавриаттың құны жылына 150 мыңнан 2,1 миллион теңгеге дейінгі аралықта. Ал оқу бағасы жыл сайын 10 пайызға өсіп отырады.

 

Дайындаған Мақпал Ноғайбаева

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды