
Білім және ғылым вице-министрі қызметінен кетті Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысып жатыр.
Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан facebook-тегі парақшасында жазды. «Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», — дейді Е.Мұхаметжан. Еске салсақ, бұған дейін Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова ғылыми дәреже мен атақты заңсыз тағайындау мәселесі бойынша өзіне қатысты айыптауға жауап беріп, айыптаушыларды сотқа берген.