jasqazaq.kz

Білім және ғылым министрлігі: Мектептерде жаңа жылдық ертеңгіліктер болмайды

02 желтоқсан 2021, 13:12

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде жаңа жылдық ертеңгілік өткізу мәселесіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Ертеңгілік және өзге де жаппай ісшараларға келетін болсақ, мектептерде мұндай жиындар өткізілмейді. Бас санитар дәрігердің шешімі бар, біз бұл шешімге бағынамыз. Сондықтан мектептерде ертеңгіліктер мен өзге де шаралар ұйымдастырылмайды», — деді Асхат Аймағамбетов.

«Сынып ішінде мерекелік отырыс жасау шешімін мектеп әкімшілігі қабылдайды», — деп қосты министр.

Журналистер Асхат Аймағамбетовке омикрон штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтықтан оқуға жіберу мүмкіндігі жайлы сауал қойған.

«Қазір бұл туралы айту ерте. Ведомствоаралық комиссия шешімі аясында жұмыс істейміз. Әзірге қорытынды жасау үшін деректер аз», — деп жауап берді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде