jasqazaq.kz

Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетін сотқа берді

20 ақпан 2020, 17:15

«Астана» университеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тексеру жұмыстарына кедергі жасап, қажетті құжаттарды ұсынбады. Лауазымды тұлғаларға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде кедергі жасау фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта тиісті материалдар соттың қарауына жіберілді. Естеріңізге салайық, 2019 жылы «Астана» университеті білім беру жұмыстарына қатысты тәуекел дәрежесін бағалау нәтижелері бойынша жоғары дәрежеге ие болды. Осыған байланысты университет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне енгізілді. Ағымдағы жылдың 12-ақпанында ҚР БҒМ тарапынан университетке профилактикалық бақылау жүргізу туралы хабарлама жіберілді. Келесі күні тиісті акт Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде тіркелді. 17-ақпанда Университет Комиссияға жоғарғы оқу орнына кедергісіз кіруді қамтамасыз етіп, бақылау нысанына сәйкес қажетті құжаттарды немесе олардың көшірмелерін ұсынуға міндетті болды. Алайда, «Астана» университеті Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 155-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын бұзып, Комиссияға тиісті құжаттарды ұсынбады.

Ақпарат көзі: ҚР БҒМ баспасөз қызметі

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия