
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», делінген құжатта.