jasqazaq.kz

Білім министрлігі түлектер кешін мектепте өткізуді ұсынды

14 мамыр 2019, 16:33

Білім министрлігі түлектер кешін мектепте өткізуді ұсынды Білім және ғылым министрлігі түлектер кешін қымбат шараға айналдырмай, оны мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды.

Оқу жылының аяқталуына орай, оқушылар мен ата-аналарды мектеп бітіру кешін өткізудің форматы алаңдатады. Ата-аналар комитетінің ақша жинайтындығы туралы хабарлама жиі түседі. Бұл отбасы бюджетіне салмақ салады, деп жазады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Ведомство мектеп бітіру кешін дәмхана, мейрамханаларда емес, мектеп қабырғасында өткізуді ұсынды. Сондай-ақ, министрлік түлектер кешінің мақсаты сәнді киімдер мен мол дастарқанды көрсету емес екенін еске салды. Бұл кеш балалар, мұғалімдер мен ата-аналардың есінде қаларлық мектепішілік жиын деп атап өткен.

«Министрлік мектеп бітіру кешінің мақсатын сәнді киімдер мен мол дастарханды көрсету емес, шын жүректен, жақсы ұйымдастырылған шара ретінде балалардың, мұғалімдер мен ата-аналардың есінде қаларлық мектепішілік жиын деп есептейді. Мектеп бітіру кешінің форматы қымбат әрі сән-салтанатқа толы кеш болмауы керек. Жылдар бойы тұлғаны қалыптастыруда талмай еңбек еткен педагогтар мен ата-аналар және бүгін мектеп қабырғасынан түлеп ұшып, үлкен өмірге қадам басып жатқан кештің басты кейіпкерлері — түлектер арасындағы жылы диалог түрінде өткені абзал. Аталған кеште оқуда озат, жетістікке жеткен, мектеп, аудан, қала, облыс, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорттық, интеллектуалдық жарыстарда жеңімпаз болған, мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан балаларды құрметпен атап өту — орынды», — деді ведомстводан.

Министрлік өкілдері кеште түлектер мен ұстаздар арнайы бағдарлама дайындап, мектеп ішінде де қызықты етіп, ұйымдастыруға болатынын алға тартады.

ktk.kz

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді