jasqazaq.kz

Білім министрлігі «мұғалімдер айлығы қысқарады» деген қауесетті жоққа шығарды

06 желтоқсан 2021, 14:33

Әлеуметтік желілерде жаңа жылдан бастап педагогтердің еңбекақысы қысқаратыны туралы жалған ақпарат тарады. Білім және ғылым министрлігі бұл хабарды жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде жаңа жылдан бастап педагогтердің еңбекақысы қысқаратыны туралы жалған ақпарат тарады. Хабарламада еңбекақының 25% өскеніне қарамастан, жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ бергені үшін 30% тең қосымша төлемдер алынып тасталатыны айтылған. Демек, мұғалімдердің табысы 5% төмендейді. Бұл — жалған ақпарат. Жаңартылған білім беру мазмұны үшін қосымша ақы бұрынғыдай төленеді. Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша педагогтардың еңбекақысы тағы 25% көтерілетінін еске саламыз. Айта кетейін, 2020 жылы педагогтардың еңбекақысы 25%, 2021 жылы тағы 25% өсті. Бұдан бөлек, Президенттің қолдауының арқасында, біліктілік санаты үшін қосымша ақы 30-50% дейін ұлғайтылды» деп жазды Facebook парақшасында ведомствоның баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Оның айтуынша, мұғалімдерге дәптер тексеру және сынып жетекшілігі үшін үстемеақыны екі есеге арттырылғанын, сондай-ақ тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу сынды жаңа санат пайда болған.

«Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Білім және ғылым министрлігі педагогтардың еңбегін ынталандыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізуде. Барлық шаралар білім беру ұйымдарын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған. Педагогикалық бағыттар бойынша оқытудың тартымдылығын арттыру үшін осы мамандықтар бойынша білім алып жүрген студенттердің шәкіртақысы биыл қыркүйек айынан бастап 42 мың теңгеге дейін көтерілді. Желіде тараған қауесеттерге сеңбеңіздер» деп ескертеді министрлік өкілі.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр