jasqazaq.kz

Білім министрлігі мектепке барып оқудың бірнеше жолын ұсынды

09 қыркүйек 2020, 17:13

Білім және ғылым министрлігі денсаулық сақтау министрлігіне дәстүрлі форматта оқу үдерісін қалпына келтірудің бірнеше нұсқаларын ұсынды. Барлығы бас санитарлық дәрігерлердің шешіміне байланысты болады. Бұл туралы вице-министр Шолпан Каринова мәлім етті. Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

«Біз де қатты алаңдаймыз, мектептер ашылғанын қалаймыз. Біз өз ұсыныстарымызды денсаулық сақтау министрлігіне бердік. Мектептердің жұмысын қалпына келтіру форматының бірнеше нұсқалары бар. Біз осы бұйрықты басшылыққа аламыз», — деді Каринова.

Білім министрлігі барлық мәселелерді денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен бірге пысықтауға дайын екенін жеткізді вице-министр.

«Мен тағы бір нәрсені атап өткім келеді. Қашықтықтан оқыту — бұл білім берудің мәжбүрлі форматы. Біз барлық білім беру ұйымдарымыздың жұмысын жүйелі түрде қалпына келтіруге тырысамыз. Біз мектептерді әкімдіктердің шешімі бойынша, аумақтардың санитарлық инспекторларымен келісе отырып ашуды ұсындық. Бұл ең дұрыс тәсіл», — деді ол.

Бірақ вице-министр білім министрлігі ұсынған нақты шараларды атаудан бас тартты.

«Қазір нақты қандай шаралар екенін бөлісе алмаймын. Біріншіден, біз балаларымыздың денсаулығына алаңдаулымыз. Сондықтан бұл туралы мәліметтерді қосымша хабарлайтын боламыз», — деп аяқтады ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде