jasqazaq.kz

Білім министрлігі алты ЖОО-дан бұзушылықтар анықтады

01 қазан 2019, 16:21

Білім және ғылым министрлігі еліміздің 6 жоғары оқу орнында тексеру жүргізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

«2019 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан еліміздің 6 жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілді: Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы, «Тұран» университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы. Нәтижесінде аталған жоғары оқу орындарының білім беру қызметінде әртүрлі дәрежедегі бұзушылықтар анықталды. Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша белгілі болған сәйкессіздіктерді жою және білім беру қызметін заңнама нормаларына сәйкес келтіру бойынша ЖОО-ға ұсынымдар берілді, бірақ әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылған жоқ», — делінген хабарламада. ЖОО қызметін талдау қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілген. Профилактикалық бақылау барысында білім беру ұйымдарының қызметі мен оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері, біліктілік талаптары жіті тексерілді. «Анықталған бұзушылықтарды жоюға берілген мерзім өз шегіне жеткеннен кейін, министрлікпен сәйкессіздіктерді жоюды бақылау бойынша қайта тексеру жүргізілетін болады. Білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактісі қайта анықталса, ЖОО-ны білім беру қызметін жүргізуге лицензиядан айыру бойынша материалдар сот қарауына жіберілетін болады»- деп хабарлады баспасөз қызметі.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда