jasqazaq.kz

Білім министрі: Жаңа оқу жылында дәстүрлі форматқа оралатындығымызға үміттенемін

28 мамыр 2021, 13:53

2021-2022 жаңа оқу жылының дәстүрлі форматта басталуы халықтың вакцина алуына байланысты. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Бұл өте өзекті сауал. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға, біздің жүріс-тұрысымызға байланысты. Егер халықтың басым бөлігін вакцинациялай алсақ, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеулерді сақтасақ, онда келесі оқу жылында, қыркүйекте білім беру ұйымдарымыз, ең алдымен әрине мектептер ашылады», — деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол балалар да, мұғалімдер де білім берудің дәстүрлі форматына тезірек оралуды қалайтындығын баса айтты.

«Бірақ, барлығы өзімізге, бүкіл қоғамға байланысты болады. Вакцинация қарқынына, бүгінде мемлекет қабылдап жатқан эпидемияға қарсы іс-шараларға орай келесі оқу жылында мектептерді ашып, дәстүрлі форматқа ораламыз деп үміттенемін. Тағы да айтамын, барлығы өзімізге байланысты», — деді министр.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде