jasqazaq.kz

Білім министрі: Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді

27 тамыз 2019, 15:36

Мұғалім қызметіне қойылатын талап күшейеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Педагог мәртебесі арттыру арқылы мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптар да күшеймек. Сондықтан заң жобасына сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап университет түлектері педагог біліктілігіне сәйкестігін растайтын болады. Сонымен қатар қолданыстағы шектеулерден басқа психикалық және мінез-құлықтық ауытқуы бар, әрекетке жарамсыздығына байланысты дәрігердің бақылауында тұрған адамдарды педагог қызметімен айналысуға тыйым салынады», — деді Асхат Аймағамбетов. Оның атап өтуінше, мұнан бөлек қосымша заң жобасында жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша коммерциялық емес ұйымдарды енгізу, Президенттің құзіреттілігінен ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларын тағайындау жөніндегі өкілеттіктерді Үкіметке беру және басқа да шаралар көзделді.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде