jasqazaq.kz

Білім министрі аттестат тапсыру шарасы қалай өтетінін түсіндірді

20 мамыр 2020, 16:03

Білім және ғылам министрі Асхат Аймағамбетов биыл оқушыларға аттестат тапсыру рәсімі қалай өтетінін айтып берді.

«Осыған дейін оқу жылының аяқталуына орай, 25 мамырда дәстүрлі түрде соңғы қоңырау соғылып келді, яғни мектеп бітіретін 9 және 11-сынып оқушылары бар. Елімізде төртінші тоқсан қашықтан оқыту форматында өтіп жатыр және 25 мамырда мектепте ешкім болмайды. Дәстүрлі форматта мектепте қоңырау соғылмайды. 25 мамырда соңғы қоңырауды онлайн форматта өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді А. Аймағамбетов онлайн тәртіпте өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министр аттестат тапсыру шараларына қатысты тоқталды.

«3-4 маусымда 11 сынып үшін аттестат тапсыру өткізіледі. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігімен кеңес жүргіздік. Қазіргі жағдайға қарамастан, аталған мерзімде 11 сыныпқа арнап аттестатты салтанатты түрде тапсыру рәсімін өткізуді жоспарлып отырмыз. Сонымен бірге, олар үшін соңғы қоңырауды ұйымдастырамыз», — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, аталған шара аясында бірқатар шектеулер болады.

«Санитарлық талаптар қатаң сақталады. Балалардың, педагогтардың қауіпсіздігіне айрықша екпін қоямыз, медициналық масқа тағу міндетті болады. Бұл шара аулада, яғни ашық кеңістікте өтеді. Әр сынып өзінің шарасын жекелей ұйымдастырады. Арақашықтықты сақтау үшін арнайы белгілер қойылады», — деді министр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия