jasqazaq.kz

Білім мен тәжірибенің «керуені»

01 шiлде 2020, 14:26


Қазақстанда STEM және елдегі білім беруді дамытудың инновациялық жолдары туралы кең ауқымды мәселелерді талқылауға бағытталған «Білім керуені» атты бірегей білім беру жобасы іске қосылуда. Білім саласындағы жергілікті және шетелдік сарапшылар пайдалы әрі қызықты идея мен шешімін әзірлеу үшін өздерінің білімі мен тәжірибеcін біріктірмек. Жобаны «Шеврон» компаниясының бастамасы және қолдауымен ғылыми-техникалық білім беру саласындағы қазақстандық мамандар тобы жүзеге асырады. Қауымдастыққа 20-дан астам отандық және 7 халықаралық кәсіби сарапшы қосылып, жұмыс атқарады.

«Шеврон» компаниясының өкілі Лейла Айтмұханова: «Білім саласындағы инновациялар, оның ішінде ғылыми-техникалық пәндер, сондай-ақ қазақстандықтардың шығармашылық әлеуетін толық іске асыру үшін жағдай жасау әрқашан біздің әлеуметтік бағдарламаларымыздың басты элементі болып келді, ал «Керуен» болса, білім беру саласындағы мұғалімдер мен ойшылдардың, аты танымал тұлғалар мен әдіскерлердің, кәсіпкерлердің басын біріктіріп, өздерінің білімі мен тәжірибелерін жариялаудың бірден-бір мүмкіндігі. Ал осы білім алмасудың нәтижесінде көптеген жаңа идея мен жоба жүзеге асырылады деп үміттенеміз», — деп атап айтты.

Оқытудағы пәнаралық көзқарас зерттелетін және де ғылыми-техникалық тұжырым нақты өмір кеңістігінде зерделенетін STEM білім беру бағытына, яғни ғылымға, технологияға, инженерия мен математикаға қызығушылықты арттыру мақсатында «Білім керуені» жобасы өз бастамасын алды.

STEM білім беру аймағында еңбек ететін оқытушыларды, үкіметтік емес ұйымдар мен үкіметті, жастар мен бизнес өкілдерін бір-бірімен пікір алмасуға, білім беру жүйесін жақсарту негізінде бірлескен шешім мен тәжірибеге негізделген ұсыныс жасауға, сонымен қатар STEM білім беру әлемінде барлық мүдделі тарап үшін мәлімет дерекқорын, платформасын құру – жоба мақсаты боп табылатынын атап айту керекпіз.

Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең — «Қазақстандағы STEM білім беру бағыты: ағымдағы жағдайы мен болашағы» атты тәжірибелік зерттеу жұмысын жүргізу. Екінші кезең – STEM мен білім саласындағы өзге де бағыттарда еңбегі сіңген жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өткізілетін, online және бетпе-бет кездесу түрінде өтетін, онлайн вебинар, дәріс, ашық таныстырылым мен сұхбат, өзге де қызықты іс-шара өткізу.

Бұл жоба бірнеше бағыттан тұрады. Бірінші бағыт – орта білім беру шеңберіндегі стратегиялық шешімдер; екінші – орта білім беру жүйесіндегі басқару; үшінші — STEM–нің негізгі орта білім беру бағдарламасында, таңдау пәні ретінде, педагогикада және инклюзия бағытындағы көрінісі; үшінші бағыт — цифрландыру және болашақ мамандықтар.

«Білім керуені» жобасының мақсатты аудиториясы – оқушылар, педагогтар мен ата-аналар, зерттеушілер мен сарапшылар, мектеп әкімшілігі мен барлық деңгейдегі білім беру департаменттерінің басшылары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бизнес өкілдері, қорлар.

Айдос Құсайынұлы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде