jasqazaq.kz

Білім грантына қалай өтінім беріп, құжат тапсыруға болады? (видео)

17 шiлде 2021, 13:46

ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына өтініш беруге көмектесетін нұсқаулықты жариялады. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Нұсқаулық министрліктің Youtube парақшасында жарияланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Қазақстанда білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 16 шілде, яғни кеше басталатынын хабарлаған едік. Қабылдау электронды форматта жүзеге асырылады.

Талапкерлер мен олардың ата-анасының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейнебайланыс арқылы кеңес береді.

Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады.

Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электрондық көшірмелерін және электрондық құжат нысанындағы көлемі 3×4 цифрлық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмесін қоса тапсыруы қажет.

Сонымен қатар биыл білім гранттарын бөлу кезінде БҒМ алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квота бөлді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия