jasqazaq.kz

Биліктің рұқсатынсыз ән айтуға тыйым салды (видео)

17 шiлде 2019, 13:11


Шешенстанның мәдениет министрі әншілерге кез келген жерге ән айтуға тыйым салып, «елдің әкесі, билігі және заңы бар» деп мәлімдеді, деп жазады Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Шешенстанның мәдениет министрі Хож-Бауди Дааев әлеуметтік желіде танымал болған елдің поп-әншілеріне биліктің рұқсатынсыз әндерін жариялап, концерт қоюға тыйым салды. Дааевтың музыканттармен кездесуін «Грозный» мемлекеттік телеарнасы көрсетті.

Сюжетте YouTube каналы соңғы кезде «шешен дәстүрі мен ережесінен айналып өтіп», кең аудиторияға өнер көрсететін алаңға айналып кетті делінген.

Сюжет арасында мәдениет министрі Дааевтың өзінің жұмыс бөлмесінде поп-орындаушылардың бірінің бейнебаянын көріп, «сөздері де, қайырмасы да жоқ» дейді. Министрдің айтуынша, егер адам әнші боламын деп шешсе, оның мәдениет министрлігі мақұлдаған арнайы репертуары болуы керек деп есептейді.

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың бұйрығы бойынша мәдениет министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылған. Аталған комиссия мақұлдаған кезде ғана, әншілер халыққа бара алады.

Сюжеттің аяғында министрмен кездесуге шақырылған әншілер кешірім сұрап, бұдан былай рұқсатсыз ән айтпауға уәде берді.

sn.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде