Алдағы уақытта қырғыз ағайындар ипотекаға үй алудан қиналмайтын болды. Себебі үкімет пәтер алу үшін төленетін алғашқы жарнаны зейнетақы қорынан төлеуге жол ашып бермекші.
Елдегі әлеуметтік қордың жақсылығы мұнымен бітпек емес. Алдағы уақытта ауыр науқастардың емделуіне төленетін шығынды да осы қордағы қаражат арқылы жабуға мүмкіндік беріледі.
Қордың қаулысы қазір қоғамдық кеңеске талқылауға ұсынылыпты. Алайда әлеуметтік қордан қаржы алуды әр азамат өзі шешеді. Өтініш берген азаматтарға қордан 50 мың сом көлемінде қаражат беріледі (275 мың теңге). Осылайша баспанасы жоқ азаматтар мемлекеттік ипотекалық бағдарламаға қатыса алады. Ал Үкіметтің бұл шешіміне халық риза.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ