jasqazaq.kz

Билеттерді сатуды реттейтін норма енгізіледі

03 қыркүйек 2019, 10:57


Темір жол билетін сатуды реттейтін норма енгізіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

«Жолдауда айтылған мәселелердің бірі әуе билеттеріне қатысты болды. Бүгінгі тарифтердің құнын түсіру мақсатында осы жылдың 1 мамырында бірінші отандық төмен бюджетті »Флай Арыстан« тасымалдаушы жұмысын бастады. Осы жылдың соңында »Флай Арыстан« орындайтын рейстер санын күніне 14-тен 28 жиілікке дейін арттыру жоспарланды. Сонымен қатар »Самұрық-Қазына« әл-ауқат қоры» АҚ-пен біріге отырып Үкімет әуе кемелерінің паркін ұлғайту мақсатында «Эйр Астана» және «Қазақ Эйр» әуе компанияларын қосымша капиталдандыруды көздеп отыр«, — деді ол бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған Үкімет отырысында. Вице-премьер темір жол билеттерінің тапшылығы мәселесіне де тоқталды. «Темір жол билеттері жетіспеушілігінің алдын алу мақсатында билеттерді сатуды цифрландыру жүргізіліп жатыр. Билеттерді сатуды реттейтін норма енгізіледі және осы жылдан бастап «Қазақстан теміржолы» компаниясы 100-ден астам жаңа жолаушылар вагонын алады», — деді Жеңіс Қасымбек.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде