Білемін деп бүлдіреді

30 қараша 2018, 12:41

Білместік пе, жоқ, әлде салғырттық па? Маңғыстау облысында бүргеге арналған дәріден екі адам көз жұмғанын естігенде, осы сауал ойға оралды. 29 жастағы Шынарай Сүйіндікова мен оның 2 жастағы қызы Фируза көршілерінің салғырттығынан мерт болған. Көпқабатты үйдің тұрғындары бүргеден құтылу үшін «Tarakan.net» деп аталатын компанияның көмегіне жүгінген көрінеді. Дезинфекция қызметін көрсететін компания мамандары келіп, әлгі бес қабатты үйді дәрілеп кетіпті. Олар кетісімен бірнеше адам уланып, ауруханаға түседі. Дәрінің күштілігі соншалық, қазір төрт адам жедел ауруларды емдейтін ауруханада ем қабылдап жатыр. Ең өкініштісі – аналы-балалы Шынарай мен Фирузаның қазасы жақындарына ауыр тиді.

Айтпақшы, осыдан 2 жыл бұрын дәл сол көпқабатты үйде осыған ұқсас оқиға болған. Қан сорғыш жәндіктердің көзін құртқысы келген тұрғындар өз еріктерімен сірке қышқылы қосылған хлор шашып, екі бала көз жұмған. Сол оқыс жағдай ұмыт болмай жатып, тұрғындар тағы да білместікке бой алдырды…

Бүрге демекші, Алматыда да тозығы жеткен үйлер мен пәтерлерде қандала қаптап, бит-бүрге өріп жүреді. Пәтер жағалап жүрген қайбір жылдары мұндай жағдаймен біз де бетпе-бет келген жайымыз бар. Абай мен Гайдар көшесінің қиылысындағы жатақхана іспетті көпқабатты үйлерде тұратынбыз. Бұл баспаналар осыдан 40-50 жыл бұрын салынғаны анық. Пәтер жалдап тұратындар әлгі үйге көшіп келіп, көшіп кетіп жатушы еді. Ескі жатақхананың көпшілікке арналған асханасында таракан үйірімен жортып жүретін. Ал бөлме ішінде көзге көрінбейтін бір бәле бар. Біреулер қандала, біреулер үндемес деп жатады. Шаққан жері қанталап, күндіз күлкі, түнде ұйқы бермейді. Сол қансорғыш жәндіктен құтылу үшін бір емес, бірнеше рет дезинфекция қызметін шақырдық. Олар асай-мүсейін арқалап келіп, аузы-басын тұмшалап алып, бұрыш-бұрышқа, бөлмелерге исі қолқаны қабатын бір сұйық затты шашып-шашып кететін. Олар келген күні үйден тамақ ішудің өзі қиын. Өйткені, дәрінің иісінен жүрегіңіз айнып, тамағыңыз қырып ауырады. Бірақ сол дезинфекция қызметін көрсететіндер қандай дәрі шашқандарын ешкімге айтып, түсіндіріп жатпайды. Тіпті солардың қызметін тексеріп жатқандарды да көрмейтінбіз.
Маңғыстаудағы жағдайдың да бейнесі осыған ұқсайды. Әлгі «Tarakan.net» деп аталатын компания еш жерде тіркелмепті. Жұмысын ешкім тексермейді екен. Бұл іс бойынша қазір қылмыстық іс қозғалған.

Мұның бәрі салғырттықтан туған жағдай екені ешкімге құпия емес. Естеріңізде болса, осыдан бірер ай бұрын Алматы облысының Туғанбай ауылында да осыған ұқсас жағдай болған-ды. Қыздарының басындағы битті өлтіру үшін малға арналған дәрі жаққан Жәмила Қараева 3 жастағы қызынан айырылып қалды. Ал 2 жастағы бүлдіршінді дәрігерлер құтқарып қалған. Ақ халаттыларға берген алғашқы түсініктемесінде, жас ана қызының басына жануарларға арналған дәрі жаққанын айтыпты. Алайда бұл іске полиция араласқаннан кейін, Қараева алғашқы сөзінен айнып алған көрінеді. Ол «Қыздар сиырға арналған дәріні бір-біріне шашып ойнаған көрінеді», – деді. Мейлі, қандай жағдай болса да, мұның бәрі салғырттықтан туған салқын.

Жарас ШӨКЕ

Бүгін, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
Бүгін, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді