jasqazaq.kz

Биік өкшелі туфлимен жасалған рекорд (видео)

18 қазан 2017, 16:03

Желаяқ қыз биік өкшелі туфлимен 42 шақырым жүгіріп, рекорд орнатты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. 

Ирен Сьюэлл биік өкшелі туфлимен марафонға қатысып, 7 сағат 28 минутта мәреге жеткен. Сөйтіп ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.

«Менің қолымнан келді. Өзім де таңғалдым, бірақ бұл шынымен орындалды», — деп жазған Сьюэлл Instagram парақшасында.

Ол Чаттануга қаласы Теннесси штатының тұрғыны.

Подиатристің ұсынысы бойынша Сьюэлл негізінен спорттық аяқ киім киіп дайындалған көрінеді. Тек анда-санда ғана биік өкшелі туфлимен жаттығып жүріпті.

Ал марафонға ол әртүрлі өлшемдегі 7,5-ден (37 өлшем) 9-ға (38,5 өлшем) дейінгі 6 жұп аяқ киімді дайындаған.

Сонымен қатар, ол жабыстырғыш, ұлтарақ, аяқты буатын бандажды пайдаланған.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде