jasqazaq.kz

БҒМ зорлық көрген оқушы оқыған мектепте заңбұзушылықтар анықталғанын айтты

13 мамыр 2022, 15:11

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматыдағы 1-сынып оқушысына қатысты жағдайды тексеру мақсатында «Марьям» жекеменшік мектебіне барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінеше, кеше ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер «Мариям» жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға барған.

«Олар оқушының отбасына барды. Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ комитет қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті. Еске сала кетейік, қазір қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр және зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды», — делінген делінген БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің хабарламасында.

Сонымен қатар олар Алматы қаласындағы «Мариям» жекеменшік ұйымының әкімшілігімен және ұстаздарымен әңгімелесті.

«Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құруда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар заңбұзушылық анықталды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады», — делінген хабарламада.

30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық
11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда