jasqazaq.kz

БҒМ оқушының суициді туралы: тергеу нәтижелерін күтеміз

29 қазан 2021, 16:32

Алматыдағы мектеп оқушысының өліміне байланысты әлеуметтік желілерде қарама-қайшы ақпарат таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін 8-сынып оқушысы Алматыдағы биік үйдің 11-қабатының терезесінен секіріп кеткені белгілі болды.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайғылы жағдайда қаза тапқан 7-сынып оқушысының ата-аналары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде оқушының қайтыс болуына байланысты қарама-қайшы ақпарат тарап жатыр. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері қаза тапқан оқушының ата-анасымен байланыста.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу іс-шараларын жүргізуде. Тергеу мүддесі үшін жағдайдың егжей-тегжейі жария етілмейді. Тергеу нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылданатын болады. Сондықтан тергеу амалдарынан кейінгі ресми қорытындыны күтуіміз қажет. Ата-аналарды, мұғалімдер мен мектеп басшыларын балалармен қарым-қатынаста асқан мейірімділік танытуға шақырамыз. Өйткені балаларымыздың өмірі мен денсаулығы қоғамның басты құндылығы болып табылады, — деп хабарлады комитет.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде