jasqazaq.kz

БҒМ оқушылар каникулын қысқартуды қарастырады

30 наурыз 2022, 14:29

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларына каникулды қысқарту туралы ұсынысқа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс алаңында министрге кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың қазақстандық мектеп оқушыларына каникулды қысқарту ұсынысы туралы сұрақ қойылды.

«Жақтайтындар да, қарсы болатындар да бар екенін айтып отырмыз. Қарсылық танытқандардың уәжін түсінеміз, бұл жерде ғылыми көзқарас болуы керек. Министрлік, білім басқармасы, мұғалім немесе ата-ананың көзқарасы тұрғысынан қарамауымыз керек. Оның балаға қаншалықты тиімді екенін ғылыми тұрғыдан қарау керек», — деді министр.

Аймағамбетовтың айтуынша, қазір Білім министрлігі демалыс уақытын қысқарту бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.

«Бұл мәселені ғылым, психология, әдістеме тұрғысынан шешу үшін қазір зерттеу жүргізіп жатырмыз және оның нәтижесін міндетті түрде айтамыз. Бұл мәселені әріптестермен алдын ала талқылаймыз», — деді МОН басшысы.

Бұған дейін Bi Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы, кәсіпкер Айдын Рахымбаев Қазақстанда мектептегі каникулды төрт аптаға қысқартып, сол арқылы оқу жылының ұзақтығын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде